smkedu.kz Жаңалықтар Туған жер

Сарыағаш медресе колледжінде белгілі тарихшы, шежіреші, публицист, Әлем Халықтары Жазушылары одағының және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Әлем Халықтары Жазушылары одағының ОҚО бас өкілі Момбек Әбдәкімұлымен студенттермен кездесу болып өтті.

Жазушы ағамыз іс-шара басталмас бұрын колледжіміздің оқу базасымен және кітапханасымен танысып шықты. Сондай-ақ қадірлі қонағымыз Момбек Әбдәкімұлына сөз берілді. Тарихшы ағамыз Сарыағаш қаласының тарихы жайлы және өткен тарихымызды, Тәуелсіздік жолындағы қиын-қыстау уақыттар жайлы сыр шертті. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, жазушы ағамыз барлық сұрақтарға студенттердің көңілін толтыра жауап берді. Жиын соңында колледж кітапханасының қорына өзінің еңбектерінен: «Зобалаң», «Қазығұрт ауданының тарихы», «Түркістан өлкесіндегі ойран» атты туындыларынан 2-3 данадан табыстады.
Колледжіміздің атынан ағамызға Аллаһтың кәләмі «Құрани Кәрім» және Пайғамбарымыздың өмір тарихы » Адамзаттың асыл тәжі» кітаптары табысталып, алғыс хат берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

Хайз, Нифас және Истихаза етекірлеріХайз, Нифас және Истихаза етекірлері

С: Хайыз етеккірі не нәрсе? Ж: Алла тағала әйелдерге жатырынан қан келіп тұруды жазған. Жалпы әйел затында бұл қан ай сайын келеді. Бұл қан шариғат тілімен хайыз етеккірі деп аталады.

«Қазнет Дода — 2013» конкурсының жеңімпаздары анықталды«Қазнет Дода — 2013» конкурсының жеңімпаздары анықталды

«Қазнет Дода —  2013» ұлттық интернет байқауы өз мәресіне жетті. Осы бәйгеге  9 номинация бойынша  91 сайт қатысып, біздің сайтымыз діни сайттар арасында 3-ші орынды иеленді.