smkedu.kz Жаңалықтар Тігіншінің тәубесі

Тігіншінің тәубесі

| | 0 Comments | 18:54

Бір тігінші Аллаһ достарының бірінен:
— Пайғамбарымыздың «Аллаһ  тағала күнаһар құлының тәубесін, жаны алқымына келгенге дейін қабыл етеді» деген хадис шәрифі туралы не айтасыз?- деп сұрайды. Ол жауап бермей тұрып одан сұрайды:
— Сенің мамандығың не?
— Тігіншімін, киім тігемін.
— Тігіншілікте ең оңай нәрсе не?
— Қайшымен матаны қырқу.
— Қанша жылдан бері бұл іспен айналысасың?
— Отыз жылдан бері.
— Жаның алқымыңа келген кезде матаны кесе аласың ба?
— Жоқ әрине, кесе алмаймын!
— Біраз қиналып, үйреніп және отыз жыл бойы қиналмай істеген ісіңді сол кезде істей алмасаң, өміріңде еш жасап көрмеген тәубені ол кезде қалай жасамақсың? Бүгін күш-жірегің қолыңда тұрған кезде тәубе ет, кейін ол кезде тәубе ете алмауың мүмкін,- дейді. Тігінші осы сөздерден кейін дереу тәубе етті. Салих құлдардан болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

Имамдар сертификат алдыИмамдар сертификат алды

2015 жылдың 13-18 сәуір аралығында ҚМДБ-ның ОҚО өкілдігінің ұйымдастыруымен «Сарыағаш медресесі» жанында аудан имам-молдалары Құран, фиқһ, ақида, хадис пәндері бойынша білімдері мен біліктіліктерін жетелдіріп қайтты.

Екі ел арасындағы қарым — қатынасЕкі ел арасындағы қарым — қатынас

Бүгін Мәскеу қаласының Мұсылмандары діни басқармасы, Мәскеу ислами колледжі және Сарыағаш медресе колледжі арасында үш жақтама кездесу болып өтті. Кездесуге Сарыағаш медресе колледжі директоры Сманов Абдуғаппар Шәкірұлы, директордың иновациялық даму

Тамақтану дұғасыТамақтану дұғасы

Тамақ жеуден алдын бет-қол жуылып,»Бисмилләһир рахманир рахим»-ді айтып бастаймыз.Ал егер ұмытып кеткен жағдайда,мына дұғаны оқысын:»Бисмилләһи фи аууалихи уә ахирихи»деп айту керек.Тамақтан кейін оқылатын дұға. «Әл-хамдулилләһил-ләзий атъаманә уә сақанә уә жаъаланә