smkedu.kz Жаңалықтар Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы Сарыағаш ауданына іс сапармен келді.

Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы Сарыағаш ауданына іс сапармен келді.

Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы Сарыағаш ауданындағы сапарын «Сарыағаш медресе колледжінен»бастады. Колледжімізге келмес бұрын ұлағатты ұстаз Сманов Абдусаттар Шәкірұлының қабірі басында құран бағыштап дұға жасады. Алғашқы сапарын колледжен бастаған өкіл имам Наурызбай қажы Таған ұлы студенттердің дәрістеріне кірді. Студенттерге тек діни біліммен ғана емес дүние ілімдерінден меңгеруді атап өтті. 21- ғасыр жаңа технологиялар заманы екені ескере отырып компьютерлік сауаттылықтың болуы, кезінде ата-бабамыз дінімізді үйрену үшін парсы, көне түркі шағатай, өзбек тілдерін де сөйлеп қана қоймай жаза да білгендігін тілге тиек етті. Сіздер де орыс, ағылшын тілін меңгеріп, дінімізді  осы тілдер де  жеткізуге  болады деп атап өтті.  Наурызбай қажы Таған ұлы өзі жазып  шыққан «Үміт сәулесі» атты кітабын сыйға тартты.

Өкіл имам орта азияда мұнарасың биіктігі 63 м болатын мешіт құрылысымен танысып, алдағы тәуелсіздік күнінде ашылуын Алладан дұға етіп сұрады.

Сарыағаш  медресе колледжі баспасөзі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

Дін істері комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Сарыағаш медресе колледжіндеДін істері комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Сарыағаш медресе колледжінде

Бүгін Сарыағаш медресе колледжіне, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Балғабек Мырзаев пен ОҚО өкіл имамы Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы арнайы келді. Қонақтармыз ең алдымен,

Тәуелсіз елдің ұстазы – 2021Тәуелсіз елдің ұстазы – 2021

Тәуелсіздік – жүрекке жылы, құлаққа жағымды, мақтаныш сезімін ұялататын сөз. Йә, йә, нақ осы сөздің қадір-қасиетін, мағынасын жақсы түсінетін халықтың бірі екендігіміз ақиқат. Балалары – құл, қыздары – күң болуды