smkedu.kz Жаңалықтар Шаһид үкімдері

Шаһид үкімдері

| | 0 Comments | 04:49

С: Шаһид үкімі қандай?

Ж: Жау қолынан қаза тапқан немесе соғыста алған жарақатының зардабынан көз жұмған немесе мұсылмандар қолынан жазықсыз құрбан болып, оның өліміне  диа (құн) уәжіп болмаған мұсылман шаһид саналады. Бұл шаһид кебінделіп, жуылмай жаназасы оқылады.

С: Жүніп күйінде шаһид болған адамға ғұсыл жасата ма, жоқ па?

Ж: Әбу Ханифаның  (р.а) үкім шарты бойынша жуылады. Ал екі шәкіртінің үкім шарты бойынша  жуылмайды. Сондай – ақ, балиғатқа жетпеген шаһид жөнінде де осындай қайшылықтар бар.

С: Шаһид үстіндегі киімі шешіліп, қаны жуыла ма?

Ж: Оның киімі шешілмейді, үсті жуылмайды. Тек оның үстіндегі қару -жарағы, мәсісі, тоны шешіледі.

С: Соғыста жарақат алған адам емделіп, ішіп – жеп жүріп, кейінірек жан тапсырса, шаһидке саналама?

Ж: ол Алла тағала құзырында шаһид сауабына ие бола алады, әрине Алла қаласа. Дегенмен, жоғарыда айтылған үкімдер бойынша ол жуылмай көмілетіндердің үкіміне жатпайды. Жарақаттан кейін емделіп, ішіп – жеп жүріп жан тапсырған адам «иртисас»  адам болып саналады. Демек, бұл шаһидтің дәрежесі «ұхуд» шаһидтері қатарына жатпайды деген сөз.

С: Майданда жараланып, бір намаз уақытындай тірі және ақыл – есі дұрыс болып немесе тірі кезінде майдан шебінен шетке шығарылған соң жан тапсырса, ол кісіге қандай үкім шығарылады?

Ж: Ол да «иртитас» адам саналып, басқа мәйттер сияқты жуылады.

С: Шариғат жазасымен өлтірілген немесе кекпен өлтірілген адамды жерлеудің үкім шарты қалай?

Ж: Ол жуылып, намазы оқылады.

С: Өлген қарақшы, қанішерлерге жаназа оқылама?

Ж: Жаназасы оқылмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

Зәм-зәм суындағы ғажайыпЗәм-зәм суындағы ғажайып

Ұзақ жылдар бойы зәмзәм суы мен кристалдары бойынша зерттеу жүргізген мұсылман зерттеуші мамандармен қатар жапон және неміс ғалымдары да жасаған зерттеулерінің нәтижесінде зәмзәм суының ғажайып сырларымен бөлісті.

Ғаламның Жаратушысының жалғыз дара екеніне сокральды мәтіндерден дәлелдерҒаламның Жаратушысының жалғыз дара екеніне сокральды мәтіндерден дәлелдер

Автор: Джанабаева Арайлым Абдрахмановна Аннотация:  Мақалада имам Абу Мансур әл Матуридидің «таухид кітабы» бойынша ғаламды жаратқан Жаратушы жалғыз яғни Дара екенідігін сокральды мәтіндер (нақыли) әрі рационалисттік  (ақыли) тұрғыдан дәлелдейтін боламыз.