Бүгінгі таңда Сарыағаш медресе колледжінде 900 ден астам шәкірт тәлім алуда. Білім жолында берілген садақаның сауабы ілім иесінің өзгеге үйретері, мұра етер мирасы түгесілгенше еш сарқылмайды. Ал ілімнен асқан қазына, байлық жоқ. Өңіріміздегі жастарды имандылыққа тәрбиелеп, ислами іліммен сусындатушы білім ордасы – «Сарыағаш медресе колледжіне» көрсетілген көмек те сауабы зор амал. Бүгін Түркістан облысы, Шардара ауданының жомарт азаматтары колледжімізде тәлім алып жатқан шәкірттерге 3 тонна алма, 25 кг балық садақа етті. Алла жолында ілім ізденушілерге жасалған жақсылықтың сауабы таудай болары күмәнсіз. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жарты құрмамен болса да өздеріңді тозақ отынан құтқарыңдар» деген. Баршаңызды Алла жолында жақсылық жасауға шақырамыз!!!
ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАЙЫҚ
Рубрики:
Related Post
Қағбада оқылатын намазҚағбада оқылатын намаз
С: Алла тағала Қағбада үйін мұсылмандар үшін құбыла етіп берді. Ал осы қағбаның ішінде намаз оқу дұрыс па? Ж: Иә, Қағба ішінде оқылған намаз парыз да, нәпіл де дұрыс саналады.
«Қазнет Дода — 2013» конкурсының жеңімпаздары анықталды«Қазнет Дода — 2013» конкурсының жеңімпаздары анықталды
«Қазнет Дода — 2013» ұлттық интернет байқауы өз мәресіне жетті. Осы бәйгеге 9 номинация бойынша 91 сайт қатысып, біздің сайтымыз діни сайттар арасында 3-ші орынды иеленді.
ТікенТікен
Өткен заманда бір жігіт болған екен. Күндердің күнінде есігінің алдына дән егіпті. Арадан бір шама уақыт өткесін әлгі дән өніп шықты. Жігіт ұрыққа әлсін — әлсін су құйып тұрады. Бірақ


