Сулар

| | 0 Comments | 05:00

С: Қандай сумен дәрет алуға болады?

Ж: Дәрет жаңбыр, еріген қар, теңіз, көл, жылға, бұлақ, құдық суларымен алынады. Тұщы суды да дәрет алуға қолдануға болады. Таза нәрсе араласқан су да дәрет алуға жарайды. Мысалы: топырақ, сабын немесе иісті таза нәрсе араласқан суға дәрет алуға болады.

С: Қандай сумен дәрет алуға болмайды?

Ж: Ағаштан немесе жемістен сығып алынған, табиғи түрінен ажырап исі, дәмі, түсі өзгерген (мысалы: ішімдікке, сірке немесе сорпаға айналған) сулармен дәретте, ғұсылда алу дұрыс емес.

С: Дәрет алу үшін пайдаланған сумен қайта дәрет алуға бола ма?

Ж: Мұндай сулармен дәрет, ғұсыл алынбайды.

С: Сонда қалай? Бұрын қолданылған су таза болмағаны ма?

Ж: Ол су нәжісті кетіру үшін қолданылмаған болса таза саналады. Демек, ол сумен қайта дәрет алынбағанмен, ондай су дәрет немесе ғұсыл алғанда киімге шашыраса, тамшыласа, төгілсе, бір заты оған түсіп кетсе, ол былғанған болып есептелмейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

Ұлағатты ұстаз өмірден оздыҰлағатты ұстаз өмірден озды

Қазақ елі бүгін бір дін ғалымынан айрылды ҚМДБ-ның ғұламалар кеңесінің мүшесі, ОҚО, «Сарыағаш» медресесінің директоры Абдусаттар Сманов ұстаздың дін саласында жасаған еңбегі орасан. Бірқатар ғылыми еңбектердің авторы болған ұстаз бауырларымен

Сақтап қойған қырық алтының бар ғойСақтап қойған қырық алтының бар ғой

Әулиелердің ұлыларынан болған хазреті Бахауддин Бұхаридің «рахметуллаһи та’ала алейһ» заманында бір жас жігіт, осы әулиенің есімін естіп қызығады. Өйткені, ол жайында адамдар: «Аллаһтың сүйікті құлы, ұлы әулие кісі, көптеген кереметтері