Үстіміздегі жылдың 27 және 28 тамызында ҚМДБ «Сарыағаш медресесінде» жаңа 2015-2016 оқу жылына шәкірттерді қабылдау емтиханы өтті. Қабылдау комиссиясы құрамына ҚМДБ ОҚО найыб имамыЕ.Қарақұлов, ҚМДБ діни білім және ғылым бөлімінің Бас маманы М. Жаппасбаев, медресе директорының орынбасары Н. Төребеков, медресе ұстаздары Ж.Жакипов және Е. Кадиров кірді. Жалпы медресенің ерлер бөліміне 105- талапкер ниет білдірген. Оның ішінде 11-сыныпты бітірген 53 және 9-сыныпты бітірген 44 ер бала қабылданды.
Сонымен қатар қыздар бөліміне 90 талапкер ниет білдірсе, оның ішінде 11-сыныпты бітірген 42 және 9-сыныпты бітірген 41 қыз бала қабылданды.
Ассалямуалейкум
Желтоксан немесе Кантар айында 1 айлык курстар бар ма?
Уа алайкум ассалам! Қазір орын жоқ қаңтар айында хабарласып көріңіз
Ассаламу алейкум. Емтиханнан өтпей калуы мумкінбе? Сұраганым себебі мектеп бітіріп Ин ша Аллаһ сіздерге түссембекен деген ой бар
Уа алайкум ассалам! Алла қаласа түсесіз
Ассаламу алайкум! Мен білейін деп едім, оқуға түсетін ойым бар.Жасым 30 да ислам жолына түсуге ниеттеніп жүрмін ин ша Алла!
Уа алайкум Ассалам! Ин ша Алла құжат қабылдау маусым айынан басталады
Саламатсыздарма! Кыз балаларды неше жастан аласыздар жане кандай паннен емтихан алады,канша уакыт окытасыздар?жатақхана бар ма? Оқу ақысы қанша екен?
Ассаламу алайкум! 9-сыныпты бітірген қыздарды қабылдаймыз немесе 11 — сыныпты,емтиханды ҚМДБ белгілейді, биылдан бастап Техникалық кәсіптік колледж болдық. Жатын орын, тамағы, оқуы тегін.
Сарыағаш медресесінің нөмірін бересіз бе?
8(72537)5-52-92
Медреседен бұрын сауатымызды қайда барып ашамыз.
Ассаламу алайкум! Мешіттен немесе медресенің өзінен ашуға болады