2025 жылдың 9 қазан күні ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Құрсақов Медет Құрмашұлы Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында орналасқан «Сарыағаш медресе колледжі» студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ұстаз жастармен «Ихсан – көркем мінез», білім жолындағы табандылық, және жақсы амалдың адам өміріндегі маңызы туралы тағылымды ойларымен бөлісті.

Медет Құрмашұлы өз насихатында көркем мінездің мұсылманның өміріндегі рөлін терең түсіндіріп, әр шәкіртті адалдыққа, ізгілікке және табандылыққа шақырды. Сондай-ақ, білім алушының басты мақсаты – пайдалы ілім меңгеріп, елге қызмет ету екенін атап өтті.

Кездесу соңында шәкірттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұстаздан құнды кеңестер алды. Бұл жүздесу жастарға үлкен серпін мен рухани шабыт сыйлады.

Screenshot
Screenshot
Screenshot

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *