7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Сарыағаш ауданында «Отан қорғау – қасиетті борыш» атты ауқымды әскери-патриоттық іс-шара өтті. Бұл күн – еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетілетін ерекше күн.
Салтанатты жиынға Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы, Келес және Сарыағаш аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы, подполковник Шахирбаев Бекзат Кенесович және ауданның өкілді, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2020 әскери бөлімінде өтті. Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінің шәкірттері де белсенді қатысып, патриоттық рухты насихаттауға өз үлестерін қосты.
Жиын мемлекеттік Әнұранмен басталып, аудан әкімі әскери қызметшілерді мерекемен құттықтады. Қызметінде ерекше көзге түскен сарбаздар алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері мен мәслихат мүшелері де Отан қорғаушыларға құрмет көрсетіп, үздік қызметкерлерді марапаттады.

Мерекелік іс-шара аясында әскери бөлім тарапынан арнайы көрме ұйымдастырылып, келушілерге әскери қызметшілердің тұрмыс-тіршілігі, заманауи әскери техника мен қару-жарақ түрлері таныстырылды.
Сонымен қатар, әскери-патриоттық бағыттағы арнайы бағдарламалар ұсынылып, іс-шара мәдениет үйі өнерпаздары мен әскери қызметкерлердің концерттік бағдарламасына ұласты.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, тұрғындарға ерекше рух пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Screenshot
Screenshot
Screenshot
Screenshot

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *