Егемдік алғалы елімізде діни оқу орындары көптеп ашылып келеді. Қазіргі күннің өзінде республикамызда бір университет, тоғыз медресеміз бар екен. Соның бірегейі, діни мамандарын дайындаап келе жатқан – «Сарыағаш медресесі» Тарихы сонау 1992 жылдардан бастау алған медресеміз бұл күндері едәуір жетістіктерге жетіп отыр. Қазақстанның көптеген өңірлерінен келген талапкерлер мұнда 2 жыл 10 ай оқып, туған жерінде діни қызметкер атанып отырған жайы бар. 2015 жылдың басты жаңалығы «Сарыағаш медресесінің» директоры Абсаттар Сманов еліміздегі медреселерден алғашқы болып, шәкірт ақы тағайындауды жолға қойды. Бұрындары тек оқу, жатын орын, тамағы тегін болған еді, қазір оқушылардың шәкірт ақы алуға да мүмкіндігі туды. Шәкірт ақы көлемі 15000 тг мен 13 000 арасында. Шәкірт ақыны медресемізге демеушілік көрсетіп жүрген ЖШС «Қызыр Айтқұл» фирмасы өз міндетіне алып отырғанын қуанышпен айтқымыз келеді. Шәкірт ақыны біріңғай үздіктер мен төр пен беске оқығандар алады. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы ТМД-да теңдесі жоқ қыздар медресесі ашылған болатын. Қыздар медресесінің үздіктеріне де шәкірт ақы тағайындалатын болды.
«Сарыағаш медресесі» үздік оқушыларына шәкірт ақы тағайындады
Рубрики:
Related Post
ҚМДБ: «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияландыҚМДБ: «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияланды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің имам-молдалары мен дінтанушы-ғалымдары үшін 2014 жыл – «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады.
ОҚО-да қариларды іріктеу сайысы өттіОҚО-да қариларды іріктеу сайысы өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша облыстық орталық мешітінде «VI Республикалық Құран жарысына» орай Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қариларды іріктеу туры өтті. Сонымен