smkedu.kz Жаңалықтар Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф өмірден озды

Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф өмірден озды

| | 0 Comments | 05:18

10- наурыз күні кешке Орта Азия мұсылмандары діни басқармасының бұрынғы муфтиі және Өзбекстан республикасының егемендік алған жылдардағы бірінші муфтиі  Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуфтың 63 жасында бұл өмірден өткендігі жайлы хабар таралды. Аз уақыт өтіп шейхтің жақын адамдары бұл жайсыз хабарды мақұлдады.

Белгілі болғандай ислам әлеміне өшпес із қалдырған шейх Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф жүрек талмасынан өмірден өткен.

Кейбір хабарларға қарағанда оқиға сағат 20:00 шамасында Ташкент қаласындағы Ислам Университеті спорт залында баскетболмен шұғылдану кезінде болған.

Мәлімет үшін:

Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф ибн Муҳаммад Али, 1952 жылдың 15-сәуірінде Андижан облысында дүниеге келген.

Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф  Орта Азияда және ислам әлемінде ең танымал ғұламаның бірі еді. Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф бастапқы кезде діни тәлімді әкесінен алған. Совет орта мектебін 1970 жылы жақсы бағамен бітіріп, Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф Бұхара қаласындағы Мир Араб медресесіне қабылданды. Кейінірек Ташкенттегі Жоғарғы Ислам Университетінде білім алып,аталмыш оқу орнын 1975 жылы жоғары деңгейде бітіріп, 1976 жылы Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф Ливиядағы ад- Даъваъ ал-Ислами Ұлттық Ислам Университетіне қабылданып және жақсы нәтижемен бітіріп шықты.

1997 жылы Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф Сауд- Арабиясындағы Ислам ұйымы болған  Робита ал-Исламия (Мұсылман Әлемі Лигасы)  құрамындағы Мұсылман мемлекеттері және ТМД елдері федерациясына төраға болды. Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф осы күнге дейін жоғарыда айтып кеткен ұйымға басқару кеңесінің мүшесі саналатын.

«Сарыағаш медресесі» www.smkedu.kz сайтының ұжымы, шейх Мұхаммед Садықтың туыстарына, жақындары мен әріптестеріне және барша мұсылман қаумына көңіл айтады. Алла Тағала Өзінің Мейрімі және Кешірімімен  оның дәрежесін жоғарылатқан бойда, Өзінің Жәннатына мекендетсін. Әмин.

http://kun.uz/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Post

Орта азияда теңдесі жоқ мешіт бой көтермекОрта азияда теңдесі жоқ мешіт бой көтермек

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы және наиб мүфти Ораз Серікбай Сатыбалдыұлы, облысымыздың өкіл

Ұлық кәсіптің иесі-ұстаздарға мың алғыс!Ұлық кәсіптің иесі-ұстаздарға мың алғыс!

Елімізде қазанның алғашқы жексенбісі – Мұғалімдер күні. Олай болса бүгінгі күн ұстаздар қауымының төл мерекесі. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухпен тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына